Мен жайлы

Армысыз? Мен туралы толығырық білгіңіз келіп, осы парақшаға кіргеніңізге қуаныштымын. Ал енді жақсылап өзімді таныстырайын, иә?
Мен - Мейірбек Бердібайұлы, Shonbay Online университетінің негізін қалаушылардың бірі әрі директорымын. Мен туралы толық білуіңіз үшін, 2005 жылға оралайын.
2005 жылы ҚазҰУ-ға "Саясаттану" мамандығына түстім. Сол кездері өзі халықаралық қатынас, финансист, юрист адамдар крутой еді ғой әлде біз оларды солай көретін бе едік, білмеймін. Әйтеуір дипломат боламын деген арманымның жетегіне еріп осы мамандыққа түстім. Негізі менің сыныптастарымның да, группаластарымның да ешқайсысы менен бизнесмен шығады деп ойламаған шығар. Себебі мектеп кезінде де, универде де үнемі сабақ оқып, мұғалім тапсырма бермесе "апай, үйге қандай тапсырма?" деп сұрап алып орындайтын едім, патроиот болып).

Осылай оқуымның арқасында 2009 жылы "Саясаттану" мамандығы бойынша бакалаврды қызыл дипломға бітіріп шықтым. Ал универ бітірдім, енді не істеймін? Ол кезде көп жастар оқу бітіріп, бірден жұмыс істемейтін. Керісінше оқуын жалғастырып, магистратура оқитын. Себебі сол кезде магистратура дипломын алғандар "звезда" еді ғой. Сөйтіп мен де көптен қалмайын деп Нархоздың "Менеджмент" мамандығына магистратураға түстім. 2 жыл жақсылап оқып, бұл жерде де қызыл диплом алдым.

Қателесспесем, 3 курста оқып жүрген кезде қолыма Ли Якока деген автордық «Карьера менеджера» деген кітабы түседі, сол кезден бастап мен «Саясаттанушы болмаймын», мен менеджер болуым керек деген идея келеді. Осылайша бизнеске деген алғашқы қызығушылығым осы студент кезімде оянды. Сол үшін магистратураны "Саясаттану" мамандығы бойынша емес, "Менеджмент" мамандығын оқыдым.

Өздеріңіз де білетін шығарсыздар, магистратураға түскендердің көбі жұмыс істеп жүреді ғой. Мен де босқа жүре бермей, мамандық бойынша жұмыс істейін деп, мемлекеттік қызметте стажер болып жүрдім. Былайынша достарың, туыстарың сұрағанда "акиматта істеймін" деген күшті естіледі да, бірақ айлығың күн көруге жетпейді. Ол жақта 8 айдай стажировкада жүрдім. Кейін Нұр Отанда да стажер болып 4 ай жұмыс істедім. Соңында екі жерде жұмысқа алмай қойды.

Жаман ғой, иә? Шамамен 1 жылымды босқа жұмсадым. Осыны ойлап, жыным ұстады да, "бәрін нөлден бастаймын" деп бір үлкен компанияға охраник боп жұмысқа кірдім. Осы жерде 3 жылдай жұмыс істеп, охраниктен компания басшысының көмекшісіне дейін көтерілдім.
Сол компанияда жұмыс істей жүріп, өзімнің бизнеске деген қызығушылығымның одан әрі артып келе жатқанын байқадым. Сөйттім де 2012 жылдың соңында тұрақты жұмыстан шықпай тұрып "Barracuda" деген бокс клубын аштым. Негізі бизнесті ашу оңай, бірақ оны дамыту қиын екенін кейін түсіндім. Шынымен де, бокс клубын ашып алдым. Зал бос, ішінде өзіммен-өзім отырмын. Енді маған кәсібімді дамыту үшін білім жинау керектігіне көзім жетті.
Сөйттім де бизнеске қатысты түрлі курстарға қатысып, тренингтерге барып жүрдім. Есептеп қарасам осы уақытқа дейін білім алуға 12 миллион теңгедей ақша жұмсаппын. Былай есептеп қарасақ, бір үйдің ақшасы ғой. Есесіне мен осынша ақша жұмсап, оны 25-30 есе қайтарып алатындай білім жинадым. Сол үшін, достар, білімге инвестиция салудан қорықпаңыздар.

Осылайша алғашқы бизнесімді ашып, соны дамытуға кірістім. Жарнаманың түр-түрін жасап, тіпті теледидарға да шыққанбыз. "Қой, өтірік айтпа" десеңіз, төмендегі видео сөзімнің дәлелі болсын.
2 жылдай білім жинап, бизнесті дамытып жүріп, 2014 жылы "Barracuda" бокс клубының 3-4 филлиалын аштық. Қараңызшы, бизнесім бар, әдемі дамытып келе жатырмын, иә? Тура осы кезде тағы бір ошибка жасадым ғой.

Қандай ошибка екенін айтып берейін, сіздерге де сабақ болсын. Қысқасы, сол бокс клубым дамып, жақсы ақша әкеліп тұрғаннан кейін, түскен пайданы сол ақша беріп тұрған бизнестің өзіне емес, басқа нәрселерге сала бергем ғой. Яғни бокс клубтан түскен ақшаны аламын да, басқа стартап бизнестерге саламын. Сол кездегі ойым - бір емес бірнеше бизнес ашып тастап, әрқайсысынан айына 400-500 мың теңге тауып отыру. Егер мен сол кезде тек бір іске ғана фокус қойып айналыссам, 500 мыңнан 5-6 есе көп табыс табар едім ғой.

Көптеген бизнесмендер, кәсіпті енді бастап жатқандар осындай қателікке ұрынады. Егер сіз де осындай ойда жүрсеңіз, фокусты әр жаққа шаша бермеңіз. Одан да бір іске көңіл қойып, сонымен айналысыңыз, соны дамытыңыз.
Осылай бизнеспен айналысып әрі үнемі курс, тренингтерге барып білім алып жүрдім. Ол алған білімімді тек өзім ғана қолданбай, айналамдағы бизнесі бар достарыма да айтып, кеңес беріп отырдым. Кейін қарасам, сол менің кеңесімнің арқасында жанымдағы достарымның да бизнесі аяққа тұрып жатыр екен. Сосын "неге мен осы білгенімді өзім ғана қолдана бермей, басқаларға үйретпеймін" деп ойландым.

Осы ойдың жетегімен 2016 жылы әр среда сайын тегін тренингтер өткізе бастадым. Неге именно среданы таңдағанымды да білмеймін. Оған қоса ол кезде қазіргідей инстаграм, таргет дегеннің қатты дамымаған кезі. Вконтактеде группаға салып қоясың болды. Соны көргендер ғана келеді әйтеуір. Сөйтіп ең бірінші тренингіме 17 адам келді. Оның 10-12-сі өзімнің таныстарым, достарым. Қалған 5-еуінің кім екенін білмеймін. Осылай әр апта сайын адам саны да көбейе бастады. Еще таныс емес адамдар көбейді.
Бір күні сол адамдар "қашан курс жасайсыз? курсыңызға қатысайын деп едім" деп сұрай бастады. Содан ақырындап курстарымды бастадым. Бірақ ол кезде менде ақша табу деген мақсат болмапты. Просто маған білгенімді басқаларға айту ұнайтын. Сол сүйікті ісіммен айналысып жүріп, ақырындап курс өткізіп те ақша таба бастадым.

Осылай жүріп, 2016 жылдың соңына қарай Қуаныш Шонбаймен бірігіп, Versus academy жобасын бастадық. 2 жылдай жүріп неше түрлі курстар, шаралар ұйымдастырдық. 2018 жылы бұл жоба Shonbay Online-ға ұласты. Қазір, міне, осы жоба аясында жұмыс істеп жатқан жайымыз бар.
Ал енді менен сіздерге қандай көмек?

2012 жылдан бері маркетинг, бизнесті дамыту саласында, 2016 жылдан бері инфобизнес саласында жинаған біліміммен, тәжірибеммен бөлісуге дайынмын. Сол үшін осы сайтты аштым. Бұл жерге ұзақ-ұзақ блогтар жазамын. "Күніне 30 минут кітап оқимын" деп мақсат қоясыздар ғой. Дәл сол секілді "күніне 30 минут Мәкеңнің блогын оқимын" деген өзіңізге мақсат қойсаңыздар болады. Себебі мұнда жазған блогтарымның сіздер үшін пайдалы болатынына сенімдімін. Былайынша айтқанда әр блог маркетинг, бизнес, инфобизнес бойынша бір-бір кітапша ғой.

Сондықтан бір күнде бәрімізге бірдей берілген 24 сағат уақыттың кемі 10%-ын осы блогтарды оқуға арнасаңыз, білім көкжиегіңізді біраз кеңейтіп аласыз.

Ендеше блогтарды оқуға дәл қазір кірісіңіз

Алдағы уақытта шығатын блогтардан хабардар болып отырғыңыз келсе, e-mail рассылкаға жазылыңыз
Инфобизнеске қызығасыз ба? Өз біліміңіз бен тәжірибеңіз арқылы табыс тапқыңыз келе ме?
Ендеше мен сізге “Инфобизнес арқылы алғашқы миллоныңды тап” электронды кітапшасын ұсынамын. Ол жерде мен сізді миллионға апарар нақты жолды көрсеттім.

Оқисыз да, әрекет етіп, нәтижеге жетесіз!