INFOMAKE

Жеке бренд бизнестің дамуына қалай көмектеседі?


Бүгінде бизнес кəсіпкерлерден, мүмкіндігінше жеке брендін дамытуды талап етуде. Себебі бизнес дамыған сайын, кəсіп теңізі "қанды теңізге" айналған сайын кəсіпкерлер барын салып мүмкіндік іздейтінін мен де, сіз де жақсы білеміз. Бірақ, бір өкініштісі көптеген кəсіпкерлер қазіргі бизнес талабын орындаудан бас тартады жəне "бос теңізге" шығудан қорқады. Яғни əлеуметтік желіде өзін жарнамалуға, өзін көрсетуге ұялады. Бірақ олар осы арқылы қаншама табысынан, клиентінен айырылып қалып жатқанын білмейді. 



Егер кәсіпкерлер оны білетін болса, бәрі бірдей жеке брендті дамытуға құлшына кірісер еді.

Қараңызшы, қазір көптеген танымал Марғұлан Сейсембай, Қуаныш Шонбай, Сырымбек Тау сынды кəсіпкерлер əлеуметтік желіге шығып, өз бизнестерін көрсетіп, қоғамға өзіндік ойын айтып жатыр. Дəл осы тұлғалар сынды қаншама жандар желіде жеке брендін қалыптастыруды қолға алып жатыр. Бұл өте жақсы. Неге? Себебін шет елдік зерттеушілердің жасаған зерттеуімен түсіндірейін:

image

  • Тұтынушылардың 82%-ы компанияның бас директорына, не əлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған компанияның басқарушысына сенеді.
  • Солардың 77%-ы компанияның бас директоры мен команданың басқарушысының танымалдығына ғана қарап сатып алады.
  • Тіпті кəсіпқой бизнесмендердің 78%-ы əлеуметтік желімен белсенді жұмыс атқаратын, біршама танымалдылыққа ие компаниялармен ғана жұмыс жасайды.

Көрдіңізбе, статистикада көрсеткендей, клиенттердің көбісі əлеуметтік желіде жүргізілген жеке бренд пен компанияға көбірек сенім білдіреді. Дəл сол сияқты сіз, қазір əлеуметтік  желіге шығып, өз брендіңізді дамытпасаңыз қаншама клиенттеріңізден айырылып қалып жатырсыз. Күн сайын қаншасы жоғалуда. Бұл тек бизнесте ғана емес, психологияда да айтылады. "Егер адамда 2 дүкенді таңдау мүмкіндігі берілсе, бірақ қайсына нақты барарын білмесе, соңғы шешім дүкен иесіне деген сенімділікпен шешіледі" екен. Демек психология да растағандай адамды клиентке айналдыруға, тіпті ұзақ уақыттық клиентке айналуына брендтің тигізетін əсері мол.

"Егер адамда 2 дүкенді таңдау мүмкіндігі берілсе, бірақ қайсына нақты барарын білмесе, соңғы шешім дүкен иесіне деген сенімділікпен шешіледі"


Бірақ бір өкініштісі қазір əлемдік бизнес өкілдері жиған-тергенін жеке брендке салып жатқанымен, қазақтілді кəсіпкерлердің арасында жүзеге асырғандардың саны саусақпен санасақ та аз.

Сол себепті сіз қазір ең алғашқылардың бірі болып жеке брендіңізді дамыту арқылы, табысыңызды көбейтіп, атыңызды шығарып, жəне өз аудиторияңыздың санын арттырасыз. Неге аудитория? Себебі қазір ақшы арқылы ғана жарыс емес, аудиториямен жарысу басталды. Өйткені жеке бренді дамыған, аудиториясы ауқымды кəсіпкер, кейін кез-келген бизнес ашып, қалаған қаражатын таба алады.

Түсінікті болу үшін мысал келтірейін. Мəселен, Қуаныш мырза жаңа бір бизнес ашты делік. Ол кісі бірден парақшасындағы жазылушыларына жаңа бизнесін ашып, соған жарнама жасап, келуге шақырса аз ғана уақытта 500 не 1000- аса адам келуге дайын. Ал басқа бір кісі осындай бизнес ашса, бірден осыншама клиент жинай ала ма? Əрине, жоқ.


Əлемдік деңгейден 2 мысал болсын :

1. 2003 жылы күннен қуат алатын Tesla автокөлігінің таныстырылымы көпшілік алдында өтті. Бүкіл əлем мұндай таңғажайып темір мəшиненің негізін салған Мартин Эберхад, Штробель, Джефери Брайан деп таныған жоқ. Тесланы қалаушы Илон Маск деп таныды. Тіпті көлікті көпке таныстырар кезде де Илон жобаны жүргізді. Неге?
Себебі Масктің өте беделді жеке бренді бар болатын. Марсқа ұшам деп əлемді аузына қаратқан Масктің жеке танымалдығын Tesla-ны тезірек көпке танытуға қолданды. Нəтижесінде жеке брендтің құрметіне қазір тесланы теуіп жүргендер Маскті ғана мақтап жүр, ал Мартин, Джефери туралы біле ме? Жеке брендтің кереметі ғой!

image

2. Cristiano Ronaldo деген аңыз футболшы бар. Португалия құрамасының капитаны, туриндік Ювентустың шабуылшысы туралы бүгінде баладан қартқа дейінгінің бəрі біледі. Білмегенде ше, инстаграм желісінде 200милионнан астам жазылушысы бар əлемдегі жалғыз адам. Осының арқасында Роналдудың футболмен бірге кəсіпте де аты үнемі аталып жүреді. Əлемдік брендтердің өзі Криштианудың жеке брендін қолданады. Мəселен nike компаниясы футболшымен жыл сайын 22.5 миллион эвро төлеп мəңгілік контрактіге отырды. Бұл ғана емес жарнамада жиі ұшырасатын Clear не PockerStars сияқты компаниялардың бəрі Роналдудың жеке брендіне мұқтаж болып отыр. Ал @cristiano болса миллиондардың астында…

image

Көрдіңіз бе жеке брендтің кəсіпке қалай əсер етеді?

Дəл сол сияқты сіз де қазір; өз жеке брендіңізді қалыптастырыңыз. Адамдармен жақын араласып, өз бизнесіңіздің тыныс-тіршілігін көрсетіңіз. Ал егер сіз кəсіпті енді бастаған бизнесмен болсаңыз - реалити шоу жасаңыз. Тым болмаса, күн сайын бизнесіңізде болып жатқан оқиғаларды салып отырыңыз. Алдағы мақсаттармен бөлісіп, компанияның жаңа жаңалықтарын жариялап отырыңыз.Міне осы арқылы сіз клиенттерінізбен ұзақ уақыттық келісімге отырасыз. Яғни, олар сіздің нағыз фанаттарыңызға айналады. Ал фанаты бар бизнес ең табысты бизнес екенін білесіз.Иə, сонымен жеке брендтің маңызын жеткілікті түрде айттық, енді оны қалай қалыптастырамыз? Осы сұраққа келейік.Жалпы, жеке бренд қалыптастырудың бірнеше кезеңдері бар. Жеке-жеке айтайын.

1. Ең бірінші - өзіңізді табу. Сіз кімсіз? Сіздің қандай қызығушылығыңыз бен қалауыңыз бар? Неден үміттісіз? Бұны орысша “позиционирование” деп атайды. Яғни сіздің позицияңыз қандай? Аудитория сізді кім ретінде тануы керек? Кәсіпкер ретінде ме, маркетолог ретінде ма әлде басқа ма?

2. Экспертсіз ба? Өзіңізді тапқаннан кейін ғана барып эксперт екеніңізді, шедеврлер жасайтыныңызды дəлелдеңіз, тəжірибелеріңізбен бөлісіңіз. Сол кезде ғана аудитория сіздің эксперт екеніңізді біледі және сізге сенеді.

3. Не пайдаңыз бар? Желідегі аудиторияңызға қандай пайдаңыз бар? Оларға қандай пайда бере аласыз? Неге олар сіздің парақшаңызға жазылуы тиіс? Сізді конкуренттеріңізден ерекшелейтін не? Немесе басты артышылықтырыңыз бар ма?

4. Образ. Негізі көптеген кəсіпкерлер жеке брендтің осы кезеңіне қатты көңіл аудармайды. Бірақ брендім мықты болсын десеңіз бұл этапқа "игнор" жасаудың қажеті жоқ. Сыртқы көрініс, стиль, аудиториямен сөйлесу жəне қарым- қатынас жасау манерасы ең маңызды болып табылады.

5. Мақсатты аудитория портреті. Сіздің аудиторияңыз кім? Олардың негізгі қажеттіліктері қандай? Ал, сіз олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете аласыз ба?

Міне, жеке брендті қалыптастырудың төте жолдары осы. Мұндағы əрбір сұраққа толық жəне шынайы жауап берсеңіз, өз брендіңізді қалыптастырудың формуласын таба аласыз. Себебі бренд қалыптастыру сіз ойлағандай қиын емес. Қиындататын өзіңіз ғой.

Сонымен, сөзімнің соңында тағы бір қайталайын: қазір жеке брендті қолға алатын сəт келді. Табысты жəне танымал болам десеңіз алдымен өзіңізді танытуға тиіссіз. Тек əрекет етіңіз! Ал берекетін көрген кезде жекеме хат жазуды ұмытпаңыз! Асыға күтемін!
Ал сіз өзіңіздің жеке брендіңізге көңіл бөлесіз бе?
Жеке бренд